Ссылки доступа

Иран СІМ басшысы Тәжікстанға барады


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф бір күндік сапармен Тәжікстанға барады. Дереккөз мәліметіне қарағанда, иран министрі Душанбеге 8 қарашада келеді.

Тәжікстан билігі Иран елінен қонақ келетіні туралы әзірге ештеме хабарлаған жоқ.

Қазір Тәжікстан мен Иран қарым-қатынасы суып тұрған уақыт. Республикада тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясының жетекшісі Мұхиддин Кабиридің Тегеранға халықаралық конференцияға шақырылуынан соң көрші елдер арасы одан сайын суып кетті.

Тәжік телеарнасынан азамат соғысы жылдары бірнеше кісі өлімін Теген ұйымдастырды деген мазмұндағы деректі фильм көрсетілді.

Хабарларға қарағанда, Мохаммад Джавад Зариф Самарқанда БҰҰ өткізетін халықаралық жиынға қатысады.

XS
SM
MD
LG