Ссылки доступа

Turkish airlines вице-президенті «Узбекистон хаво йуллари» компаниясының кеңесшісі болды


«Узбекистон хаво йуллари» ұшағы

«Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясы түрік сарапшысы Орхан Сиврикаяны стратегиялық даму жөніндегі кеңесші етіп тағайындады. Бұл жөнінде компанияның ресми сайтында жазылған.

Түрік кеңесшісін тарту жөніндегі келіссөз Өзбекстан президентінің Түркияға сапары кезінде жүргізілген.

50 жастағы техникалық ғылымдар докторы Орхан Сиврикая азаматтық авиация саласындағы белгілі топ-менеджерлердің біріне жатады. Босфор университетін бітірген ол Түркияда, Еуропада және Солтүстік Америкада жауапты қызметтерді атқарған. Қазіргі уақытқа дейін Turkish Airlines компаниясының вице-президенті қызметін атқарып келді.

Орхан Сиврикая Өзбекстандағы жұмысына 6 қарашадан бастап кіріскен.

Осы апта басында мемлекеттік туризм комитеті Өзбекстанда туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы болып, Түркия азаматы Садык Бадакты тағайындағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG