Ссылки доступа

Кипр: әйелге бола төбелескен екі түркімен азаматына іс қозғалды


Кипрде төбелес шығарған Түркіменстаннан келген екі мигрантқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда, Алтыбай есімді түркімен азаматы Руслан деген отандасын әйеліме смс жіберді деп, адам танымастай ұрып тастаған.

28 қазанға қараған түні солтүстік Кипр астанасы Никосияның түркімендер тұратын Хасполат ауданында төбелес орын алған. Нәтижесінде Алтыбай Кадыров деген азамат інісі екеуі Руслан деген жігітті сабақ тастаған. 30 қазанда ағайынды Кадыровтарға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Никосия соты айыпталушының әрқайсысына 30 мың лирден айыппұл салды. Бұл шамамен 8 мың АҚШ доллары болады. Бұл ақшаны төлемей, олар елден кете алмайды.

Түркіменстан Солтүстік Кипрді мойындамайды. Бірақ соған қарамастан бұл жерде түркімен мигранттары көп мекендейді.

XS
SM
MD
LG