Ссылки доступа

Иран сыртқы істер министрі Тәжікстанға барды


Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф бір күндік сапармен Тәжікстанға барды. 8 қарашада оны әуежайдан Тәжікстанның сыртқы істер министрі Низомидин Зохиди күтіп алды.

Сапар барысында Зариф Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен және парламент спикерлерімен кездеседі.

Бүгін кешкісін Джавад Зариф Тәжікстандағы Иранның жаңа елшілігінің ашылу салтанатына қатысады. Осыған дейін хабарланғандай, жобаға сәйкес ғимараттың алдында парсы тілдес үш ел - Тәжікстан, Ауғанстан және Иранның достығын белгілейтін ескерткіш орын алады.

Иран сыртқы істер министрі соңғы бірнеше жылда Тәжікстанға бірінші рет сапар шеккен Иранның алғашқы жоғары лауазымды шенеунігі болып қалады.

XS
SM
MD
LG