Ссылки доступа

Улюкаев ісі бойынша сот отырысына 2 млн доллар алып келді


Алексей Улюкаев

Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтың ісі бойынша сот отырысына 2 млн АҚШ долларын алып келді. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік айыптаушы мұны шенеунік пара ретінде алмақ болған ақша деген.

БАҚ мәліметі бойынша, купюралар үлкен қорабшаға салынған, сырты полиэтилен пакетіне оралған.

Қазан айында прокурор экс-министрдің пара алып тұрған кезі деген видеоны жариялады. Видеода көрсетілгендей, "Роснефть" компаниясы көлік тұрағының жанында экс-министр көліктен шығып, сумканы алады.

Улюкаев былтыр қараша айында "Роснефть" кеңсесінде ұсталды. Тергеу ісі бойынша, шенеунік компания басшысы Игорь Сечиннен "Башнефтьті" сатып алуда келісім беру үшін пара сұраған. Экс-министрдің өзі мұны жоққа шығарады. Ол "Роснефть" басшылығы мен Федералды қауіпсіздік қызметі өзін арандатты деп есептейді. Улюкаев үйқамақта отыр.

XS
SM
MD
LG