Ссылки доступа

Қырғызстан: Қазақстанмен шекарада көлік кезегі азайды (видео)


8 қараша күні түске дейін Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақ-Тілек" тексеру және өткізу бекетінде 40 шақты жүк көлігі тұрған. Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, соңғы бірнеше күнде бекеттегі кезек бірнеше есе азайған.

Мекеме мәліметінше, 5 қараша - жексенбіде қазақстандық шекарашылар "Ақ-Тілектен" 195 жүк көлігін өткізген. Қазақстан шекарада тексеруді күшейткен 10 қазаннан бері мұншалықты көп жүк көлігін өткізбеген.

"Қазақстан тарапының қадағалауы өзгерген жоқ. Кезек шекарашылар қырғыз премьер-миинстрі Сапар Исаков Астанада Қазақстан премьер-министрімен кездесуінде келіскендей бос жүк көліктерін тексерусіз өткізіп жатқандықтан азайып отыр. Орташа есеппен алғанда, шекарада тұрған 50 жүк көлігінің 20-сы бос. Оларды тексерусіз өткізіп жатыр" деп хабарлады шекара қызметі.

Мекеме "Ақ-Тілектегі" кезектің азаюының тағы бір ықтимал себебі өндірушілер мен кәсіпкерлердің тауарын өткізудің басқа жолдарын іздестіруінде болуы мүмкін екенін айтады.

Осы апта басталғалы бері "Ақ-Тілектегі" кезек бірнеше есеге азайған. 6 қараша күні күндіз бекетте барлығы 30 жүк көлігі болған.

Сонымен қатар "Ақ-Жол" бекетінде де кезек байқалмайды. Мұнда негізінен жолаушылар көліктері, автобустар, таксилер мен жеке адамдар өтеді. Бірақ жағдай түстен кейін өзгеруі мүмкін. Себебі кейір күндері "Ақ-Жолда" сағат 11 мен 17 арасында 200-ге дейін адам кезекте тұрады.

Талас облысындағы "Чон-Капка" бекетінде 90-ға жуық жүк көлігі мен жеңіл көлік тұр. Шу облысындағы "Чалдыбар" бекетінде кезек жоқ.

С 10 октября Казахстан усилил пограничный контроль, что привело к километровым заторам на пунктах пропуска. Больше всего пострадали водители большегрузных машин со скоропортящимися продуктами на борту.

XS
SM
MD
LG