Ссылки доступа

Өзбекстан қызылша мен қызамықтан ада ел деп жарияланды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Өзбекстанды қызылша мен қызамықтан ада ел деп жариялады. Республика бұл ауруларды 2014- 2016 жылдар аралығында жеңген, деп хабарлады ЮНИСЕФ-тің Ташкенттегі өкілдігі.

2007 жылы Өзбекстанның иммунизация ұлттық күнтізбесіне қызылша мен қызамыққа қарсы вакцина енгізілді. 12 ай және 6 жастағы балаларға осы ауруларға қарсы екі иннекция салынады.

Вакцинация ел тұрғындарының 99 пайызын қамтыды (2016 жылғы мәліметтер).

"14 жасқа дейінгі балалар Өзбекстан халқының 27 пайызын құрайды. Иммунизация - денсаулықты сақтайтын тиімді инвестиция", - деді ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы Саша Грауманн.

ЮНИСЕФ жаңа вакциналар енгізетін және алатын елдерге қолдау көрсетеді.

XS
SM
MD
LG