Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі Құмтөрдегі мұздықтарға қатысты ұстанымын жариялады


Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану мемлекеттік комитетінің мәлімдеуінше, Құмтөрдегі карьерге мұздық үнемі қауіп төндіріп тұр. Парламент үкіметті "Құмтөр" жобасының жұмысын үзбеуге міндеттеген.

Құмтөр кеніндегі Давыдов және Лысый мұздықтарын көшіруді заңдастыру үшін "Су кодексіне" өзгерістер енгізуді тәуелсіз сарапшылар қарады, деп хабарлады комитет.

"Мамандар кенді консервацияласа, Құмтөрдегі өндіріс ұзақ уақытқа тоқтап қалуы мүмкін екендігін ескерткен. Соның салдарынан кенді су басып қалуы мүмкін", - делінген мәлімдемеде.

"Су кодексіне" өзгерістерді Жогорку Кенештің салалас комитеті 31 қазанда қабылдады. Заң жобасы Давыдов және Лысый мұздықтарын көшіруді заңдастырады. Құжатты үкімет дайындады. Сарапшылар бұл құжат мұздықтарды жоюға жол береді деп есептейді.

8 қазанда Бішкекте белсенділер мұздықтарды қорғау акциясын өткізді.

XS
SM
MD
LG