Ссылки доступа

Батыс Сириядағы химиялық қаруды тергеуді талап етті, Ресей қарсы шықты


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы қарсаңында Батыс елдері Ресейдің қарсылығына тап болды. Қауіпсіздің кеңесіндегі миссия Сирияда химиялық қару қолдануды кім ұйымдастырғанын анықтауы тиіс.

Франция, Германия, Ұлыбритания және Құрама Штаттардың сыртқы істер министрлері 8 қарашада жасаған бірлескен мәлімдемесінде БҰҰ тергеу механизміне толық сенетінін білдірген.

Бұған дейін Ресей тергеу тобы дайындаған қорытындыны толықтай жоққа шығарған еді. Тергеу тобы сириялық үкімет заринді Хан-Шейхун қаласында ондаған адамды өлтіруге қолданды деп отыр. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков 8 қарашада Мәскеудің Батыс қарарына қарсы шығатынын мәлімдеді. Ресей өткен айда да миссия жұмысын созу туралы қарарға вето қойған еді.

Ақ үй Ресейді "бағытын өзгертуге" және БҰҰ Тергеу механизмін сақтау үшін дауыс беруге шақырған.

XS
SM
MD
LG