Ссылки доступа

Сауд Арабияда коррупция ісі бойынша 200 адам ұсталды


Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман

Сауд Арабия билігі еліндегі коррупцияны зерттеуге байланысты 200-ден астам адамды тергеп, оның тек жетеуін айыпсыз босатты.

Ондаған жылдар бойында жүргізіліп келген коррупциялық топтың әрекетінен елге 100 миллиард доллар шығын келді деп мәлімдеді Сауд Арабияның бас прокуроры. Оның сөзінше, бұл топтың іс-әрекетін зерттеуге үш жыл кеткен.

Королдікте бір жарым мыңнан астам банк есеп шоты бұғатталды. Сонымен бірге Біріккен Араб Әмірлігінен 19 жоғары лауазымды шенеуніктің банктегі есеп шоттары туралы мәлімет сұраған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, еліндегі өте бай адамдар бірден активтерін сата бастаған.

5 қарашада Сауд Арабияда 11 ханзада мен төрт министр және ондаған бұрынғы шенеунік ұсталған. Бұл іспен мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның бұйрығымен құрылған коррупциямен күрес комитеті айналысып жатыр.

XS
SM
MD
LG