Ссылки доступа

Француз институты Ресейде немесе Қазақстанда радиация таралып жатқанын хабарлады


Францияның ядролық және радиациялық қауіпсіздік институты (IRSN) Еуропа аспанынан радиоактивті бұлттарды анықтаған. Сарапшылардың айтуынша, қыркүйек айының соңында Ресейде немесе Қазақстанда ядролық нысанда болған апаттың салдарынан болуы мүмкін.

Қазір адам денсаулығына қауіп жоқ, бірақ радиация таралу кезінде адамдарды эвакуациялағанын айтады институт қызметкерлері.

Метеорологиялық мәліметке сүйеніп, ғалымдар радиоактивті бұлттар Орал тауынан келуі мүмкін деп болжайды. Бірақ Ресей билігі елінде ядролық нысанда апат жөнінде мәлімет болмағанын айтады. Алайда қазан айының ортасында Ресей билігі Свердловск және Челябинск облыстарындағы радиацияның деңгейін тексере бастады. Ал Қазақстан тарапы француз ғалымдарының мәлімдемесіне әзірге түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG