Ссылки доступа

Түркіменстанда милиция қызметкерлеріне ақ түсті көлікпен ғана жүруге рұқсат берді


Түркіменстанда ішкі істер қызметкерлері мінген автокөлікке қатысты талаптар туралы Азаттық радиосының Түркімен қызметіне тыңдармандар хабарлаған. Ақ түсті көлікпен ғана жүру керектігіне қатысты қатаң талаптар елдің барлық аймақтарында қойылған.

"Облыстардағы ішкі істер органдарында төрт ай бұрын арнайы жиналыс өткізіп, ақ түсті автокөлікпен ғана жүруге болатыны туралы талап жоғарыдан түскені айтылған. Сол себепті одан кейінгі үш айда көліктерін ақ түске ауыстырмағандарға қатаң сөгіс жарияланды. Қазір орган қызметкерлеріне жұмысқа ақ түсті емес көлікпен келуге тыйым салынған", - деп хабарлады радиотыңдаушылар.

Түркіменстанның солтүстігіндегі Дашоғыз облысындағы тыңдарманның айтуынша, ол техникалық тексеруден автокөлігінің түсі ақ емес болғанына байланысты өте алмаған. Оның сөзіне қарағанда, бастығы шақыртып, тез арада автокөлікті басқа түстісіне ауыстыру туралы қолхат алған.

Түркіменстан билігі ақ түске ерекше көңіл бөліп отыр. 2015 жылы Түркіменстанға қара түсті автокөліктер кіргізуге тыйым салынды.

XS
SM
MD
LG