Ссылки доступа

Бішкекте Су кодексіне өзгерістерді талқылаушылар сөзге келісіп қалды (видео)


Бішкекте Су кодексіне өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелес үстел отырысына қатысушылар сөзге келіп қалды. Заң жобасы Құмтөр кеніндегі Давыдов және Лысый мұздықтарын басқа жерге көшіруді, яғни жоюды қарастырады. Жиында вице-премьер-министр Дуйшенбек Зилалиев пен азаматтық белсенділер келісе алмаған.

Пікір-талас кезінде Зилалиев құжатқа қарсы шығушыларды Құмтөр кеніне баруға шақырды. Дегенмен белсенді Аманбол Бабакулов үкімет заң жобасын кері қайтармаса, онда барудың қажеті жоқтығын айтты. Оған дөңгелек үстелге қатысушы басқа да белсенділер қосылды. Одан соң Зилалиев микрофонды өшіріп тастап, белсенділерге дауыс көтермеуін ескертті.

Журналистер сауалына жауап берген вице-премьер белсенділер оған сөз бермегенін айтты. "Өкінішке орай, дөңгелек үстел шағын жанжалмен аяқталды. Бізге соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік бермеді", - деді Зилалиев. Оның сөзіне қарағанда, Құмтөр кеніндегі Давыдов және Лысый мұздықтары толық жойылуға шақ қалды, мұздықтың бар болғаны 20-30 пайызы ғана қалған.

Су кодексіне өзгертулерді Жогорку Кенештің салалас комитеті 31 қазанда қабылдаған. Заң жобасын үкімет дайындады.

XS
SM
MD
LG