Ссылки доступа

Апалы-сіңлілі үшеу Ташкентте уланып көз жұмды


Две из трех скончавшихся сестре посещали запечатленный на фотографии детский сад в Ташкенте.

8 қарашада кешке және 9 қарашада таңертең апалы-сіңлілі үшеу – 7 жастағы Муниса, 6 жастағы Мухлиса және 4 жастағы Мохира уланып өлді. Қайғылы оқиға Ташкенттің "Бешкурган" махалласында тіркелді.

Хабарларға қарағанда, қыздар шашлык жеген, одан соң іштері қатты ауырған. Әзірге олардың шашлыктан немесе дәріден уланғаны нақты белгісіз.

"Қыздардың ең кішкентайы 8 қарашада, түнгі сағат 11-лер шамасында, Алмазар балалар ауруханасында көз жұмды. Қалған екі қыздың да жағдайы ауыр болғандықтан, оларды біз инфекциялық ауруханаға жолдадық. Дегенмен 9 қарашада таңертең олар да қайтыс болды. Қазір бұл іспен Ташкент қалалық прокуратурасы айналысып жатыр", - деп хабарлады Алмазар аудандық ішкі істер департаментінің қызметкері.

Көршілерінің бірінің айтуынша, сол күні әкесі шашлык әкелген, одан балалардың іштері ауыра бастаған. Әкесі дәріханадан дәріге әкеліп берген.

"Қыздардың әкесі бұл шашлыкты үйдегілердің барлығы жегенін айтқан. Бірақ үш қыздың ғана іштері өте бастаған. Қыздардың анасы есінен танып қалды", - деп баяндады көршісі.

XS
SM
MD
LG