Әкесінің аяусыз соққысына ұшыраған қыздың есімі Мумина екені белгілі болды. Оның әкесі Ташкент қаласы Мирабад аудандық ішкі істер басқармасында істейді. Милиция қызметкерінің баласын сабағаны белгілі болған соң, оны ішкі істер органдарынан шығарып жіберген. Қазір баласын соққыға жыққан әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Бірақ қазір оны қамауға алу туралы мәселе қаралып жатыр", - деді дереккөз.
9 қарашада өзбек астанасының Чиланзар ауданындағы көшпелі сотта төрт жастағы Мумина мен оның сегіз жастағы ағасын анасының қамқорлығына тапсыру туралы шешім шығарылды. Бұл туралы осы ауданның бір белсендісі хабарлады. Оның айтуынша, Муминаның ата-анасы әзірге ресми түрде ажыраспаған.
Баланы таяқпен тәрбиелеген дұрыс па? Сауалнама: