Ссылки доступа

Түркіменстан билігі балаларды балабақшаға қайтаруды талап етіп жатыр


Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен балалаларын балабақшаларға беруді талап ету әлі жалғасып жатыр, деп хабарлады Азаттықтың түркімен қызметі.

Дашогуз облысы тұрғынының хабарлауынша, кем дегенде он мемлекеттік мекемеде жиналыс болған, онда қызметкерлерге балаларын балабақшаға беру керектігі тапсырылған.

"Бірақ көбісі оған ақша жоқ, 80 манат үлкен ақша екендігін айтты. Көптеген отбасы үшін айлығының жарымы болып тұр", - деді Дашогуз тұрғыны.

Оның айтуынша, балабақша ақысы қымбаттауына байланысты аймақта мұндай мекемелер саны азайған. "Бұрындары балабақшаға 200 бала жиналатын болса, қазір 15-тен артық келмейді. Олар негізінен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің балалары", - деді тұрғын. Оның айтуынша, егістікте істейтін ата-аналар енді балаларын өздерімен бірге алып жүруге мәжбүр.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 қарашада Түркіменстанда балабақшаларда бір балаға айлық төлемі 8-ден 80 манатқа дейін қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG