Ссылки доступа

Тәжікстанда медуниверситет проректорын 16 мың доллар пара үшін 8 жылға соттады


Душанбе қаласы Фирдавси ауданының соты Тәжік мемлекеттік медициналық университетінің оқу жөніндегі проректоры Дилшод Солеховты аса ірі көлемде пара алғаны үшін 8 жылға соттады. Сотталушының туыстары сот үкіміне шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Сот процесі кезінде Дилшод Солеховтың абитуриентті 16 мың доллар үшін Үндістан азаматы ретінде оқуға қабылдауға уәде бергені анықталды. Шетел абитуриенттері Ұлттық тестілеу орталығының орталықтандырылған емтихандарынан босатылады. Проректор ұсталып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалған.

"Бұл оны көре алмаушылардың істеп отырған жаласы. Біз міндетті түрде сот үкіміне шағым түсіреміз", - деді проектордың туысы Шоди Сафаров. Оның пікірінше, сот адвокаттың Солехов жала жабудың құрбаны болды деген уәждерін ескермеген.

Әбуәли ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетінде қазіргі таңда шамамен 600 шетел студенті оқиды.

XS
SM
MD
LG