Бензин тапшылығын шұғыл түрде шешу үшін 600 млрд сум осы аптаның аяғына дейін аударылады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мемлекет басшысы бюджеттен қосымша қаражатты «Тошшахартрансхизмат» компаниясына 2017-2018 жылдарға бөлуді тапсырды. Соның нәтижесінде Ташкентте көлік тасымалына тарифтердің өсуіне жол берілмейді.
15 қарашада автокөлік бензині мен дизель отынын қолдануға салық 50 пайызға төмендетілгені хабарланды.
Мирзияев 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін көмірсу шикізатын импорттаушыларды кеден төлемдерінен босатты. «Узнефтепродукт» компаниясының мұнай өңдеу зауыты табыс салығынан босатылды.
Жақында Өзбекстанда бензин күрт қымбаттап кетті. АИ-80 маркалы бензиннің бір литрі 1000 сумға өсіп, 3800 сум (шамамен 47 цент) болған.