Солтан Ачилованың айтуынша, журналисті аңду 14 қарашада басталған.
"Шабуылдаған адам маған айқайлап, тағы да суретке түсірсең, басыңды таспен жарам деп қорқытты" - деді Ачилова.
Сонымен бірге ол журналиске үйден шықпай отыр, әйтпесе өлесің деп айтқан. Ізіне түскен автокөлік оны үйіне дейін еріп жүрген.
2016 жылы қарашада Солтан Ачиловаға үш мәрте шабуыл жасалды.