Путиннің жікшіл аймақ басшыларымен әңгілескені алғаш рет ресми түрде жарияланып отыр. Тұтқындар алмасу туралы бастаманы "Украинский выбор" қозғалысының жетекшісі Виктор Медведчук көтерген. 15 қарашада Медведчук Путинмен кездескен.
Медведчуктың айтуынша, жыл аяғына дейін Украина шамамен үш жүз тұтқын алмастыруға дайын.
Украина мәліметіне қарағанда, өз тәуелсіздігін жариялаған республикаларда кем дегенде 144 Украина азаматы тұтқында отыр. Олардың 87-інің қайда отырғанын Киев анықтады. Үш жыл қарулы жанжал кезінде шамамен үш мың украин азаматы тұтқыннан бостатылды немесе батылды. Тағы төрт жүз адамның қайда екені белгісіз.