Ссылки доступа

Өзбекстандық әйелін бауыздап өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген


Өзбекстанда 36 жастағы тұрғын әйелін егістікке алып шығып, бауыздап өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген. Жантүршігерлік оқиға 13 қарашада Хорезм облысында болды. Үш баланың әкесіне мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны анықталып жатыр.

Дегенмен оның туыстары тауық асырау үшін алынған алты миллион сум несие үшін болды деп есептейді. Көршілері бұл үйде үнемі ұрыс-керіс болып тұратынын айтты.

"4 қарашада Назокат күйеуіне ренжіп, ата-анасының үйіне кетіп қалған. 9 қарашада біз екеуін татуластыруға тырыстық. Үш баласы барын айттық. Бірақ оның көмегі болмады. 13 қарашада осындай оқиғаны естідік", - деді ауыл белсендісі Давлатер Исмаилов.

Шерзода Сапарбаевтың әкесі Раджаббай баласының келінін өлтіргенін естіп, оны милицияға өзі ертіп апарғанын айтты.

Прокуратура Сапарбаевқа қатысты "қасақана кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG