Ссылки доступа

Тәжікстанда радиолардың барлығына Рахмон шығармаларын оқуды міндеттеді


Тәжікстанның телевидение және радиотаратылым жөніндегі комитеті мемлекеттік және жекеменшік радиоларға ел президенті Эмомали Рахмон шығармаларын оқуды міндеттеген.

Билік мұндай шара әрбір азаматтың патриоттық сезімін өсіреді деп есептейді.

"Точикистон" мемлекеттік радиосының директоры Фаррух Зиёевтің айтуынша, мемлекет басшысының кітаптарын оқыту үшін театр әртістерін тартқан. Қазірдің өзінде екі кітап оқылған. "Мұндай шешімге дейін біз екі кітапты оқып, эфирге бердік", - деді ол.

Өткен жылы Тәжікстанның мемлекеттік телевидениесі тәжік президентінің "Арийлерден сананидтерге дейін" кітабынан үзінді көрсеткен еді. Тәуелсіз телеарналар өкілдерінің хабарлауынша, оларға патриоттық мазмұндағы бағдарламаларды эфирге шығаруды тапсырған.

Тәжік журналисі Марат Мамадшоевтың пікірінше, әдеби оқулар совет заманын еске түсіреді, олар адамдарды шынайы өмірден алшақтатады.

XS
SM
MD
LG