Ссылки доступа

Тәжікстанда ер азаматтарды "ақылы махаббатқа әуестер" деп атауды ұсынды


d
d

Тәжікстанның бас прокуратурасы жезөкшелер қызметін пайдаланатын ер азаматтарды жазалау туралы бастама көтерді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгертулер келесі жылдың басында парламентке түседі. Қазір жеңіл жүрістілерге ғана айыппұл салынып жүр.

Елдің бас прокурасына қарасты бір басқарма басшысының орынбасары Фаррух Рауфовтың айтуынша, ақылы секс қызметін пайдаланатын ер азаматтарға жаза жезөкшелерге қолданылатын жазадан да қатаң болады. "Мұндай азаматтар саны азайса, өз тәнін сататын әйелдер де азаяды. Жоба келесі жылдың басында парламентке жолданады", - деді ол.

Социолог Марьям Давлатованың айтуынша, мұндай бастаманы ол 10 жыл бұрын жарияланған мақаласында көтерген. Онда ол жезөкше қызметін қолданған ер азаматтарды да жазалау керектігін айтқан.

"Сұраныс болмаса, ұсыныс та болмайды. Әйелдерді мұндай әрекетке итермелейтін де еркектер, оны пайдаланатын да солар", - деді Давлатова.

Тәжікстан билігі соңғы жылдары жезөкшелер көбейгеніне алаңдап отыр. Елдің ішкі істер министрлігі өткен жылы шамамен 2 мың әйел жеңіл жүріске түскені анықталған.

XS
SM
MD
LG