Ссылки доступа

Атамбаев: Рахмонды айнытып жібермегенде, Тәжікстанмен шекара толық белгіленер еді


«Рахмонды (Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. - Ред.) айнытып жібермегенде, Тәжікстанмен шекара толық белгіленер еді», - деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қорытынды баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір Тәжікстанмен шекара жартылай белгіленген. "Біз қалған елу пайызын белгілеуге дайын болдық, бірақ біздің бір ғана талабымыз болды - шекараның қалған бөлігін бұған дейінгі шартпен жасауын қаладық. Дәл солай болар ма еді, бірақ Тәжікстан президентін шекараның басқа бөлігін басқаша ұстаныммен белгілеу керек деп айнытып жіберген", - деді ол.

"Сонда костюмның бір жеңі бір түсті, екінші жеңі басқа бір түсті болып қалады. Дұрыс емес. 1925-1926 жылдардағы құжаттарды қарау туралы кеңестер бере бастады. Ол жылдары Тәжікстан әлі болмаған. Өкінішті-ақ", - деді Атамбаев.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы 971 шақырым, оның 471-інің мәртебесі белгіленбеген. Екі ел шекарасында шамамен 70 даулы учаске бар.

XS
SM
MD
LG