Ссылки доступа

Америкалық конгрессмендер Өзбекстанға барады


21 қарашада Ташкентке АҚШ Конгресінің делегациясы барады. Оны Өкілдер палатасының мүшесі Трент Келли басқарады. Делегация құрамына конгрессмендер, республикалық және демократиялық партиялардың өкілдері кіреді.

Конгрессмендер Өзбекстан парлаентімен келіссөздер жүргізіп, үкімет мүшелерімен кездеседі, бірқатар нысандарды аралайды, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Шавкат Мирзияевтің биыл қыркүйектегі АҚШ-қа сапарының нәтижесінде 2,6 миллиард доллардың құжаттары қабылданды. «General Electric» және «Honeywell» корпорацияларымен мұнай-газ және мұнай-химия салаларындағы бірлескен жобалардың болашағы, «CNH Industrial», «John Deere» және «Caterpillar» компаняларымен машина жасау, «OSI Systems» және «Lutron» компанияларымен электр техникасы, «Boeing» компаниясымен азаматтық авиация саласында байланыс орнату көзделген.

Бұған қоса Ташкент қаласында Вебстер университетінің филиалын ашу көзделген. Бұл ТМД елдеріндегі алғашқы америкалық оқу орнының толыққанды филиалы болады.

XS
SM
MD
LG