Ссылки доступа

Атамбаев: Қырғызстан ЕАЭО құрамынан шықпайды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтан шықпайды.

"Шын мәнінде Қырғызстанда ЕАЭО-дан бөлшектеп бастады. Бірақ біз ештеңеге қарамастан Ресеймен достық қарым-қатынасымызды сақтап қалуымыз керек. Бізді бөлшектегісі келетіндер райынан қайтады деп үміттенемін. Бірақ біз ЕАЭО-дан шықпаймыз. ЕАЭО атқарушы комитетінің атынан Петросян түк істемей отыр. Өкінішті. ДСҰ-Да бір мемлекеттің қалауына бола басқа бір елге блокада жасауын елестету мүмкін емес. Бұл блокада Қырғызстанға ғана емес, ЕАЭО беделіне де соққы боп тиеді. ЕАЭО атқарушы комитеті осыны ойлауы керек", - деді Атамбаев.

Бұған дейін қырғыз президенті Қазақстанмен жағдай жақсаратынын, оған Қазақстанның өзі мүдделі екенін мәлімдеген еді. Атамбаев болашақта ешкім президеттік және парламенттік сайлауларға, "өзгенің ісіне араласпас үшін", осы әрекетінің барлығын дұрыс жасадым деп ойлайды.

10 қазанда Қазақстан шекарада бақылауды күшейтті, соның салдарынан бақылау-өткізу бекеттерінде бірнеше шақырымдық кезек пайда болды. Бұның алдында Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін қырғыз президенттік сайлауына қатысқаны үшін сынады.

Ресми Астана шекарадағы бақылаудың күшейтілуін көрші елдегі сайлаумен түсіндірді, бірақ 25 қазанда мұндай шаралар контрабандамен күрес үшін қолданылды деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG