Ссылки доступа

Ресейдің Федерация кеңесі БАҚ-тағы шетел агенттері туралы заңға ескертулерді қаперіне алады


Федерация кеңесі адам құқықтары жөніндегі президенттік кеңесінің ескертуін қарауға дайын. Бұған дейін президенттік кеңес заң жобасының олқылықтарын көрсетіп берген еді.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне ресейлік парламенттің жоғарғы палатасының конституциялық заңнама жөніндегі комитет төрағасы Андрей Клишас мәлімдеді.

Адам құқықтары жөніндегі кеңестің сараптамалық қорытындысында БАҚ-тың шетел агентіне өзге елден қаржы алатыны үшін қосатынына назар аударған. Бұл ретте, Кеңес мүшелері кез келген шетелдік БАҚ шетелден қаржы алатынын атап өтті.

15 қарашада Ресейдің Мемлекеттік думасы шетелдік ақпарат құралдарын "шетел агентіне" жатқызуды қарастыратын заң жобасын бірауыздан қабылдады.

Мәскеу бұны АҚШ-тың Кремльден қаржыландырылатын RT телеарнасын "шетел агенті" ретінде тіркегеніне жауап деп түсіндірді. Сол күні Ресейдің әділет министрлігі Радио Свободаға және Азат Еуропа/Азаттық Радиосы корпорациясының басқа да жобаларына жұмысында шектеу болуы мүмкін екендігі туралы ескерту жолдады.

XS
SM
MD
LG