Ссылки доступа

Тәжік билігі "ИМ офицері" Денис Хисамовты Ресейге экстрадициялады


Ресей қорғаныс министрлігінің бұрынғы офицері Денис Хисамов Ресейге экстрадицияланды, деп хабарлады Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Денис Хисамов өткен аптада мемлекетаралық келісімге сәйкес Ресейге берілді", - деді министрліктің баспасөз хатшысы Умарджони Эмомали.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің 23 қазанда хабарлауынша, Түркия Тәжікстанға 34 жастағы ресейлік офицер Денис Хисамовты экстрадициялаған. Ол Сириядан Түркияға кіру үшін жалған тәжік төлқұжатын қолданған.

Тәжік билігінің нұсқасы бойынша, ол Сирияда ИМ тобы үшін соғысқан, кейін Түркияға қайтқан бетте қолға түскен. Ол Сириядан Түркияға, сол арқылы Ресейге барып, сонда қылмыс жасағысы келген делінеді. Бірақ нақты қандай қылмыс екені хабарланбады.

XS
SM
MD
LG