Ссылки доступа

Ташкенттегі психиатриядан үш қылмыскер қашып кетті


20 қарашада Ташкентте республикалық психиатриялық ауруханадан үш науқас қашып кеткен. Бұл туралы жергілікті баспасөз ішкі істер органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Құқыққорғау органдары мәліметтеріне қарағанда, қашып кеткен науқастар бұған дейін түрлі қылмыстарымен ұсталған. Біреуі ұрлық жасағаны үшін қолға түссе, екіншісі есірткі таратқан, ал үшіншісі біреуді соққыға жыққан.

Науқастардың клиникадан қалай қашып кеткені белгісіз. Медицина мекемесінің қызметкерлері бұған қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Қазіргі таңда милиция оларды іздестіріп жатыр. Ташкенттегі барлық посттар күшейтілді.

XS
SM
MD
LG