Ссылки доступа

Ескі Ташкентте Ислам даму орталығын салу үшін үйлерді сүріп жатыр


Ташкенттің ескі бөлігіндегі "Хазрати Имам" мешіті ауданындағы жекеменшік үйлердің тұрғындары үйлері сүріліп, олар көп қабатты үйлерге көшірілетіні туралы ескерту алды. Сүрілген үйлердің орнына билік Ислам даму орталығын салады.

Тұрғындар ескерту хатын қараша айының басында алған.

"Біз Сергелі ауданына көшуге келіспедік. Биліктен қала орталығынан пәтер беруін талап етіп отырмыз", - деді осы аудан тұрғындарының бірі.

Ташкент әкімдігіндегілердің хабарлауынша, сүрілген үйлердің орына Ислам даму орталығы тұрғызылады. Билік өкілдері үйлер сүрілетіні туралы алдын ала хабарланған, сол себепті тұрғындар үйлерін босатуға міндетті.

Ескі қала Ташкентте ең тығыз орналасқан аудан саналады. Ескі шаһарда көне өзбек махаллалары сақталған.

XS
SM
MD
LG