Ссылки доступа

Росгидромет Қазақстанмен шекара радиациямен ластанғанын растады


Ресейдің қоршаған ортаға бақылау жасау және гидрометеорология федералдық орталығы Ресей аумағындағы радиациялық ақуал туралы бюллетень жариялады.

Онда Челябинск облысында, "Маяк" өндіріс бірлестігі аймағынан жүз шақырым жерде радиоактивті рутений-106 (Ru-106) тіркелгені айтылған.

Ресейде қыркүйек айында Ru-106 тарағанын бұған дейін Германия мен Франция ғалымдары хабарлаған еді. Бірақ сол кезде Ресей ғалымдары бұны жоққа шығарумен болған.

XS
SM
MD
LG