Ссылки доступа

"Қазақстанның Қырғызстанды блокадада ұстау" мәселесі БҰҰ-да қозғалды


Қырғызстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ұйымға мүше елдерді қырғыз-қазақ шекарасында қалыптасқан жағдай туралы хабардар етті.

Қырғызстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қарашада БҰҰ штаб кеңсесінде экономикалық, экологиялық және қаржы мәселелеріне қатысты қарар жобалары қаралған.

Жиында Қырғызстанның тұрақты өкілі Миргуль Молдоисаева 10 қазаннан бастап Қазақстан адамдардың, көліктердің және тауарлардың еркін қозғалуына қолдан әдейі кедергі жасап отыр деп мәлімдеді.

Талқыланған қарар ешқандай мемлекет экономикалық, саяси санкцияларды біржақты қолдана алмайтынын қарастырады. Қырғызстан делегациясы қабылданып жатқан құжат бауырлас халықтардың қарым-қатынасына сызат түсіретін мұндай жағдайларға жол бермейді деп үміттенеді.

Қырғызстан қарардың қабылдануын қолдап дауыс берді.

XS
SM
MD
LG