Ссылки доступа

Ташкентте психатриядан қашқан екеу ұсталды, қаладан шығатын жолдар жабылды


Өзбекстан астанасының милициясы қызметкерлері республикалық психиатриялық ауруханадан дүйсенбі күні қашқан үш ер азаматтың екеуін қолға түсірді. Бұл туралы Ташкент қаласын ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Үшінші науқас іздестіріліп жатыр.

Қауіпсіздік қызметі Ташкенттен шығатын жолдардың барлығын жауып тастады. Жүздеген адам бірнеше сағат бойы қалаға кіре алмай, шыға алмай тұрды. Өткізу бекеттерінде автокөліктер кезегі бірнеше шақырымға созылды.

Билік оның себебін түсіндіріп жатпады, дегенмен бұның барлығы психиатриядан үш қылмыскердің қашып кетуіне байланысты болуы керек, деп хабарлады дереккөз. Медициналық мекеме қызметкерлері бұған қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Ішкі істер органдарындағы дереккөз мәліметіне қарағанда, қашып кеткен үшеуі де кезінде қылмыс жасаған.

XS
SM
MD
LG