Ссылки доступа

Өзбекстанда "қара тізімнен" шығарылған мұсылмандарды жаппай ұстап жатыр


Ташкенттің кейбір тұрғындарының хабарлауынша, астанада екі-үш ай бұрын ғана "қара тізімнен" шығарылған мұсылмандарды қайтадан ұстап жатыр.

Адам құқығын қорғаушы Сурат Икрамовтың мәліметіне қарағанда, аз уақытқа қолға түскендер саны 100-ден асты, солардың жетеуі қамауға алынған. Икрамовтың айтуынша, олар діни көзқарасы үшін ұсталғандардың туыстары болып келеді. "Бұларды 2-3 ай бұрын ғана күш құрылымдарының "қара тізімінен" шығарған еді", - деді адам құқығын қорғаушы.

Еске салайық, 18 қарашада Икрамов Ташкент пен Ташкент облысының Зангиата ауданыда шамамен 80 діндар ұсталғанын хабарлаған. Қазір жеті адам тергеу абақтысында отыр. Енді Ташкент облысының Чиназ және Янгиюль аудандарында да осындай тексеру өткені белгілі болды. Бірақ бұл аудандарда қанша адамды қамауға алғаны туралы мәлімет жоқ.

Өзбекстан арнайы қызметінің мұндай рейд жүргізуге не себеп болғаны да белгісіз.

Дегенмен, адам құқығын қорғаушы Сурат Икрамовтың айтуынша, 16 қарашадан бастап күш құрылымдары "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымына мүше болуы мүмкін деген күдіктілер мен олардың туыстарын ұстай бастаған.

XS
SM
MD
LG