Қырғызстан басшысы 20 қарашада Бішкекте қорытынды баспасөз мәслихатында тәжік басшысы Эмомали Рахмонды айнытып жібермегенде, Тәжікстанмен шекара толық келісілген болар еді деп мәлімдеген.
Сангиновтың айтуынша, Рахмон бұл мәселеге әрдайым Тәжікстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан қарап келді, және ол үшін әлдекімнің кеңесін қажетсінбейді.
"Өкінішке орай, қырыздар шекараны келістіру келіссөздерінде ұстанымын үнемі өзгертіп отырды. Құжатқа қол қоюға жақындағанда, олар халықаралық ережеге сай емес ұсыныстарымен шығып жүрді", - деді Сангинов.
Қазіргі таңда Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы 976 шақырымға созылып жатыр, соның 505 шақырымы ғана белгіленген.