Ссылки доступа

Тәжікстанда "салафит" кардиохирургты соттап жатыр


Худжанд қаласының сотында 21 қарашада белгілі кардиохирург Абдумалик Саломовтың ісіне қатысты сот басталды. Оны Тәжікстанда тыйым салынған "Салафия" қозғалысына байланысы бар деген айып тағылған.

Сотталушы орындығында дәрігермен қатар тағы екі күдікті отыр, деп хабарлады дереккөз. Жүрекке күрделі операцялар жасаған танымал хирургты қыркүйек айының соңында ұстап, тергеу абақтысына отырғызған.

Оның адвокаты Бахтиёр Вахидовтың айтуынша, кардиохирургқа елде тыйым салынған "Салафия" қозғалысына байланысы бар деген күдік келтірілген.

"Тергеушілердің нақты дәлелдері жоқ. Оны қамауға алуға жеткілікті негіз болған жоқ", - деді Бахтиёр Вохидов.

Саломовтың өзі тағылған айыптарды мойындамады, ешқашан діни ұйымға мүше болмағанын айтты. Адвокаттың айтуынша, кардиохиругтың туыстары президент Эмомали Рахмонға хат жазып, қылмыстық істің әділ тергелуін сұраған.

XS
SM
MD
LG