Ссылки доступа

Полиция Әли Ферузды уақытша ұстау орталығынан алып кетті


Али Феруз
Али Феруз

Журналист Әли Ферузды полиция қызметкерлері сейсенбі күні кешке Шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығынан алып кеткен. Бұл туралы "Новая газетадағы" әріптестеріне Феруздың өзі хабарлаған. Полиция оған әкімшілік заңбұзушылық туралы хаттама көшірмесін көрсетіп, Мәскеудегі Басман сотына апарған.

Басылым полицияның бұл әрекетін Феруздың жұмыс істеген орнын тексеруге қатысы бар деп болжайды. 16 қарашада газет редакциясына көші-қон жөніндегі бөлім қызметінен тексеріп келген.

Өзбекстан азаматы Әли Феруз бірнеше жылдан бері Ресейде босқын мәртебесін ала алмай келеді. Ішкі істер министрлігі оның Өзбекстанда қауіпті екенін толық дәлелдей алмады деп отыр. Дегенмен журналистің әріптестері, туыстары Ферузды елінде өлім күтіп тұр дегенді алға тартады.

Журналист тамыз айының басында Мәскеуде ұсталды. Оған көші-қон заңдарын бұзды деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG