Ссылки доступа

Астанада "Борат шомылу киімімен" ұсталған туристер үшін айыппұлды Коэн төлейді


Америкалық әртіс Саша Барон Коэн өткен аптада Астанада "I Love Astana" белгісі алдында "Бораттың шомылу киімімен" суретке түскені үшін әкімшілік жаза алған туристердің айыппұлын төлегісі келеді. Бұл туралы Коэн өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Менің чех достарыма. Сен екеніңді дәлелде (оқиғаның қалай болғанын сипаттап, дәлел келтір), – сосын айыппұлды мен төлеймін", – деп жазды әртіс.

Чехиядан келген алты турист әкімшілік тәртіп бұзғаны үшін ұсталып, олардың әрқайсына 22,5 мың теңге ($68) айыппұл салынған. Олар өткен аптада Астанада "I Love Astana" белгісі мағында кино кейіпкері Борат Сағдиевтің шомылу киімімен жүрген жерінде қолға түскен. Дала суық болғанына қарамастан, олар осындай киіммен суретке түспек болған.

Саша Барон Коэн түскен "Борат" фильмі 2006 жылы жарыққа шықты. Онда қазақ журналисі Борат Сағдиевтің Америкаға қалай саяхаттағаны бейнеленеді. Қазақстан билігі комедияға наразылық білдіріп, фильмді елде көрсетуге тыйым салды.

XS
SM
MD
LG