Ссылки доступа

Қырғызстанда бала зорлады деп айыпталған имамды 21 жылға соттады


Қырғызстанның Жалалабад облысы Сузак ауданының соты он жастағы баланы зорлады деп айыпталған имамға үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот имамды кәмелет жасқа толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті деп танып, 20 жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарды. Бұған қоса ол есірткі сақтады және экстремизмге байланысты әрекеттер жасады деп айыпталды. Бұл айыптаулардың барлығы үшін ол 21 жыл түрме жазасын алды.

Апелляциялық арыз түспеуіне байланысты түрме мерзімі қазанда басталды деп есептелінеді.

Сузак ауданының Ат-Чабар аулының тұрғыны өткен жылы 18 маусымда жергілікті ішкі істер бөліміне шағымданып, он жасар баласын көрші тұратын жергілікті имам бір жыл бойы зорлап келгенін айтқан.

XS
SM
MD
LG