Ссылки доступа

Путин мен Трамп телефон арқылы Сирия, Украина, Иран және Ауғанстан туралы сөйлесті


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы келіссөз жүргізді. Ақ үйдегілер әңгіменің шамамен бір сағатқа созылғанын хабарлады. Талқыланған тақырыптар арасында Сирия және Украинадағы қарулы қақтығыстар да болды. Екі елдің жетекшілері Солтүстік Корея, Иран және Ауғанстандағы жағдайға тоқталды.

Бұдан бір күн бұрын Путин Сирия президенті Башар Асадпен кездескен еді. Кремльдің хабарлауынша, Трамппен әңгімелесу кезінде араб республикасында президенттік және парламенттік сайлаулар өткізуді қалайтынын, конституциялық реформаны жақтайтынын мәлімдеген.

Мәскеу, Анкара және Тегеран Қазақстан астанасы Астанада жекелеген келіссөздерге демеушілік жасап отыр. Оған жанжалдасушы тараптар қатысып жүр. Астанадағы кездесуде Сирияның маңызды аймақтарында деэскалация аймақтарын құру мәселесі талқыланып жатыр.

Ақ үйдің мәліметіне қарағанда, Трамп пен Путин 21 қарашада "Таяу Шығыс пен Орталық Азия аумағында терроризммен күрестің маңыздылығын айтып өтті" және ИМ, "Әл Қаида", "Талибан" және басқа да террористік топтармен күресу үшін әріптестікті арттыру жолдарын іздеуге келісті.

Өткен аптада Трамп пен Путин Вьетнамдағы саммитте ресми емес кездесу өткізген. Ресми келіссөздер болмай қалды. Сол кезде Кремль америкалықтар "келіспей қойғанын" мәлімдеген. Ақ үй кездесудің өтпей қалуын президенттің күн тәртібімен түсіндірген.

XS
SM
MD
LG