Ссылки доступа

Қырғыз-қазақ шекарасында 600 жүк көлігі тұр


22 қарашада таңертең Қазақстанмен шекаралас "Ақ-Тілек" өткізу бекетінде 427 жүк көлігі, ал «Чон-Капка» бекетінде 185 фур тоқтап тұр. Бұл жөнінде Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады.

Басқа өткізу бекеттерінде кептеліс байқалмайды.

10 қазаннан бастап Қазақстан шекара бақылауын күшейтті. Осыған дейін Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін президент сайлауына араласып отыр деп сынға алған.

Ресми Астана болса, бақылауды күшейтуді контрабандалық тауарға тосқауыл қою деп түсіндіреді.

Қырғызстан үкіметі бақылауды күшейту әдейі жасалып отыр деп, ДЖҰ мен ЕАЭО-ға шағым түсірген.

XS
SM
MD
LG