Ссылки доступа

Ақсарай бекетінде тұрып қалған 17 тәжік мигранты еліне кетті


Ресей-Қазақстан шекарасындағы "Ақсарай" өткізу бекетінде бірнеше күннен бері тұрып қалған мигранттардың 17-сі еліне жіберілді. Бұл жөнінде "Тәжікстан темір жолы" мемлекеттік кәсіпорны хабарлайды.

Мигранттарды «Мәскеу-Душанбе» пойызымен үйлеріне қайтарды. Олардың бәрін қараша айының басында ресей шекарашылары пойыздан түсіріп алған. Мәскеу-Душанбе бағытындағы пойызы аптасына үш рет жүреді. Ақсарайдан Душанбеге екі тәулікте жетеді.

Осының алдында Тәжікстан үкіметі мигранттарды елге тегін жеткізуді тапсырған.

Қазір Ақсарайда әлі 29 тәжік азаматы бар.

2- 6 қараша аралығында үш пойыздан 200-ге тарта жолаушыны шекарашылар түсіріп тастаған. Ресейдегі Тәжікстан елшілігінің хабарлауынша, олардың ішінде 116 азамат тәжік азаматы болған. Ал қалғандары Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары.

XS
SM
MD
LG