Ссылки доступа

АҚШ-та өзбекстандық иммигрант Сайфулло Саиповқа жаңа айыптар тағылды


Өткен айда Нью-Йоркте жүк көлігімен адамдарды басып өткен өзбекстандық иммигрантқа "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қолдау көрсетті деген қосымша айып тағылды.

21 қарашада кешкісін алқабилердің қатысуымен өткен сот отырысында 29 жастағы Сайфулло Саиповқа сегіз адамды өлтірді және 12 адамды өлтірмек болды деген айыптар тақты. Егер оны айыпты деп тапса, Саиповқа өлім жазасы кесілуі мүмкін.

Саипов 21 қазанда ұсталды. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 31 қазан күні 29 жастағы өзбекстандық Сайфулло Саипов жүк көлігімен адамдарды таптап, террорлық шабуыл жасаған. Ол шабуылдан 8 адам опат болып, оннан аса адам жараланған.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио терактіні "бейбіт және кінәсіз адамдарға зұлмдықпен шабуыл жасау" деп атады. Америкалық конгресмендер Ақ үйді Сайфулло Саиповты Гуантанамо түрмесіне жөнелтуге шақырды.

Нью-Йоркте теракт жасады деген күдікті қалай өсір сүрген?

XS
SM
MD
LG