Ссылки доступа

Атамбаев АҚШ базасын шығару туралы: Біз көршілес екі ірі державаны қатты ренжітіп алдық


Kyrgyzstan -- US servicemen board a plane bound for Afghanistan at the US transit center at Manas airport, 07Mar2011

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елдегі "Манас" америкалық транзит орталығын шығара алатынына ешкім сенбегенін мәлімдеді. Ол мұндай шешім қабылдауын "көршілес екі ірі державаны қатты ренжітіп алғанымен" түсіндірді.

«Жасыратын ештеңесі жоқ – Ресей мен Қытай. Бізде алыс туыстан жақын көрші артық деген мақал бар. Бізге Сэм ағай туысқан болмаса да, көмектесер ме еді. Бірақ, ең алдымен, Қытай және Ресей секілді ірі көршілермен достасу керек. Кейде керісінше болып жатты. Маған қарым-қатынасты бұзуға тура келді", - деді Атамбаев 22 қарашада мемлекеттік сыйлықтарды табыстау салтанатында.

2001 жылы "Манас" әуежайының аумағында Ганси атындағы АҚШ әскери базасы ашылған. 2009 жылы база транзиттік тасымал орталығына айналды. Екі жақсы келісім мерзімі 2014 жылы түгесіліп, Қырғызстан оны созбай қойды.

XS
SM
MD
LG