Ссылки доступа

Санкт-Петербургте Тәжікстанның "халық генералы" Саид Гози жоғалып кетті


90-жылдары танымал болған дін өкілі Саид Киёмиддин Гозидің туыстары оның Стамбулдан Санкт-Петербургке оралған кезде жоғалып кеткенін хабарлады. Соңғы рет Гози ұлына питерлік әуежайдан хабарласып, оны Тәжікстанға депортацялап жатқанын жеткізген.

Белгілі болғандай, Саид Киёмиддинді Санкт-Петербург – Худжанд рейсіне отырғызған, бірақ Соғды облыстық әкімшілік орталығына келген жолаушылар арасында ол жоқ боп шықты.

Тәжік оппозициясы вебсайтының хабарлауынша, Саид Гозиді Санкт-Петербург әуежайында Тәжікстан мен Ресей арнайы қызметінің өкілдері ұстаған. Сол күні кешке оны Худжандқа экстрадициялаған. Қазіргі таңда ол қаладағы тергеу абақтыларының бірінде отыр, деп хабарлады «Паём» сайты.

Дін өкілі біраздан бері саясатпен шұғылданбайды, ислам партиясының мүшесі де емес.

Киёмиддин Гозиев немесе Эшон Саид Киёмиддини Гози 1992 жылы коммунистік жүйеге қарсы шыққандардың бірі. Сол кезде оған "халық генералы" деп атап кеткен.

XS
SM
MD
LG