Ссылки доступа

Өзбекстан мен Оңтүстік Корея 9 млрд доллардың келісімдерін қабылдады


Өзбекстан мен Оңтүстік Корея 8,9 миллиард доллардың келісімдерін қабылдады. Өзбек басшысы Шавкат Мирзияев Сеулде ресми сапармен жүр, деп хабарлады республика басшысының баспасөз орталығы.

Ресми мәлімет бойынша, 75 құжатқа қол қойылған. Атап айтқанда, энергетика, мұнай және газ химиясы – 2,95 миллиард доллар, банк және қаржы саласы – 2,7 миллиард доллар, құрылыс және инфрақұрылым – 1,7 миллиард доллар.

Бұған қоса, Өзбекстанның сыртқы сауда министрі, «Алмалык» компаниясы және Корея сирек металл институты (KIRAM) ғылыми-техникалық және инновация қызметі салаларында "жол картасын" қабылдады. Көші-қон саласында әріптестік туралы құжаттарға қол қойылды, деп хабарлады баспасөз орталығы.

Оңтүстік Корея Өзбекстанның ең ірі инвесторларының бірі. Қазіргі таңда республикада кәріс капиталымен 461 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл он айда екі ел арасындағы сауда айналымы 1,3 есеге өсіп, 1,1 миллиард долларға жетті.

Шавкат Мирзияевтің Оңтүстік Кореяға сапары 25 қарашада аяқталады.

XS
SM
MD
LG