Ссылки доступа

Мәскеу полициясы Өзбекстан азаматын алты жастағы қызынан ажыратты


Мәскеу облысы Клин қаласының полициясы Өзбекстан азаматының алты жастағы қызын алып кеткен. Ол көшеде ешкімнің қарауынсыз жалғыз өзі ойнап жүрген. Қазір Бұхара облысының тұрғыны Фруза Уткированың Рухшона есімді қызы кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған "Согласие" орталығында тұрып жатыр.

"3 қарашада қызымды 19 жастағы балама тастап, базарға кеттім. Мен үйде болмағанда, ұлыма әріптестері жұмысқа шығуын сұраған. Ол маған хабарласа алмаған соң, қарындасын үйге тастап, есікті құлыптап кеткен. Бірақ Рухшона есікті ашып алып, көшеге кеткен. Мен үйге сағат 11:30-да келдім, үйде бала болмады, есік ашық тұрды. Мен оны ағасымен кеткен екен деп ойладым. Ұлым сағат үште келіп, Рухшонаның қайда екенін білмейтінін айтты. Біз полицияға хабарластық", – деді Фируза Уткирова.

Орган қызметкерлері Фирузаға қызын комиссия шешімінсіз бермейтінін хабарлаған.

Уткированың сөзіне қарағанда, Орталықта баланың құжаттарының барлығын алып кеткен. Олар бала тұратын үйді көріп, қанағаттандырарлықсыз деп шешкен.

Фируза Уткирова Бұхарада бала бақшасында тәртиеші болып істегегенін айтты. Әйел "Согласие" орталығының қызметкерлері оның үнемі ар-намысына тиетінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG