Фируз Абдулазизов "Тәжікстанда халықты конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақыру" деген баппен сотталды, деп хабарлады 22 қарашада облыстық сот қызметкері. Бірақ сот үкімі заң күшіне әлі енбеген.
Фируз Абдулазизов 15 тамызда Мәскеуден оралған кезде ұсталды. «Ресей астанасында жүрген уақытта тәжік мигранты әлеуметтік желі арқылы экстермистік сипаттағы фото және видео таратқан. Фируз өзінің «Одноклассники» парақшасында ИМ-нің қара жалауын жүктеп, қолданушыларды осы топтың идеясын қолдауға шақырған»,- деді дереккөз.
Адвокат Нусратулло Мирзоевтың хабарлауынша, оның қорғауындағы адам өз кінәсін мойындаған.