Ссылки доступа

Өзбекстан ДСҰ-ға кіргісі келетінін мәлімдеді


Өзбекстан Дүниежүзі сауда ұйымына кіру жұмыстарын жалғастырады. Бұл туралы өзбек президеніт Шавкат Мирзияев мәлімдеді.

Мирзияев қазір жұмыс бабымен Сеулде жүр. Ол мұнда Оңтүстік Кореямен "жол картасына" қол қойды.

"Мұндай құжатты Кореямен бірінші мәрте қабылдап отырмыз", - деді Мирзияев.

Өзбекстан мемлекет басшысының Оңтүстік Кореяға сапары барысында екі елдің қарым-қатынасын дамытуға арналған көптеген құжаттарға қол қойылды.

XS
SM
MD
LG