Ссылки доступа

Түркия офшорлардың қара тізіміне кіруі мүмкін


Еуроодақ Түркияны жыл соңына дейін офшорлар қатарына енгізуі мүмкін. Бұл туралы Bloomberg өз дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Жұмыс тобы ЕО қаржы министрлеріне Түркияны 5 желтоқсанда қара тізімге енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлады Bloomberg. Түріктер қаржы министрлерінің кездесуіне дейін қосымша міндеттер алуға талпыныс жасап көруі мүмкін.

Агенттік дереккөзі Еуроодақтың қара тізімдегілерге қандай санкция енгізілуі мүмкін екендігін әлі шешпеген. Мысалы, Франция мұндай елдерді халықаралық инвестициялар алатын мемлекеттер қатарынан шығарып тастауды ұсынып отыр. Бұл тізімге барлығы 36 ел кіруі мүмкін.

XS
SM
MD
LG